RSS

Все о доступе к информации – в Караганде!

Диана Мұқан
Теплая атмосфера, отличное настроение, конструктивный диалог и множество Партнерских организаций – вот те неотъемлемые составляющие всех мероприятий Общественного Фонда «MEDIALIFE»!

6 мая 2011 года в библиотеке имени Н.В Гоголя прошел семинар-тренинг «Доступ к информации: гарантии, реализация и защита» для общественности, СМИ и государственных органов.

Мероприятие проходило в рамках реализации проекта Общественного Фонда «MEDIALIFE» «Доступ к информации» при поддержке Посольства США. Следует отметить, что семинар вызвал огромный интерес как у представителей гражданского общества и СМИ, так и у государственных органов, среди которых были не только судьи, но председатели судов, а также депутаты.

С приветственным словом к участникам семинара обратились представители Посольства США Эрик Лидербах и Алия Жантикина, а также руководитель ОФ «MEDIALIFE» Ольга Волкова.

В ходе семинара обсуждались важные вопросы в области доступа к информации: теория и практика, международные стандарты свободы слова и доступа к информации, законодательные перспективы отдельного закона в Казахстане в области доступа к информации. Участниками также предлагались рекомендации по содержанию проекта Закона РК «О доступе к информации».

В качестве тренеров семинара выступили: Волкова Ольга – Президент Общественного Фонда «MEDIALIFE», эксперт Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан, лауреат премии Фонда Сорос Казахстан «Консультант СМИ-2009” и Тихонова Лариса – исследователь в области политического анализа, эксперт в области прав человека, обладатель степени магистра политологии в Университете Питсбурга.

Семинар-тренинг «Доступ к информации: гарантии, реализация и защита» – это только часть большого проекта, который реализует Общественный Фонд «MEDIALIFE» при поддержке Посольства США! И уже скоро, но уже в расширенном составе, участники встретятся вновь!

Общественный Фонд «MEDIALIFE» выразил особую благодарность Посольству США за поддержку проекта «Доступ к информации»! Кроме того, руководитель Фонда «MEDIALIFE – Ольга Волкова также поблагодарила Партнеров мероприятия: библиотеку им.Н.В.Гоголя за предоставление помещения и Карагандинский филиал ведущего универсального оператора связи «Beeline» и лично пресс-секретаря Бауржана Оразгалиева за техническую поддержку семинара и предоставления мобильного интернета 3 G.

 

 
Пікір қалдыру

Posted by on Мамыр 3, 2011 in Фотокөрме

 

22 сәуір – Ғылым күні!!!


22 сәуір күні Қазақ Гуманитарлық заң университеті үшін ғылым күні жыл сайынғы дәстүрге айналды. Бұл күні университетаралық студенттердің ғылыми жұмыстары сын сынаққа түседі. Бұл студенттердің өздігімен ғылымға баулуға үйретеді. Студенттер еліміздің түпкір түпкірінен келіп өздерінің жаңа ғылыми бастамаларымен келіп, мәнді де мағыналы жобаларын тындарманға жағымды ақпар беріп, тәнті етті.

 

ӘРІП ПЕН ҰҒЫМ

ӘРІП ПЕН ҰҒЫМ

Көз алдымда зымырайды елік-күн,
Елік-күнге мен қалайша еріппін?!
ЖАН деген бір үш әріп кеп ғайыптан,
ӨМІР деген төрт әріпке еніппін.

Содан бері бұлдырайды сағым-күн,
Сағым күнде сабылумен жаным жүр.
АНА деген үш әріпке жаутаңдап,
БАЛА деген төрт әріпті жамылдым.

Сол атауды өтіп жатқан жеңді күн,
Жеңді күнім, менің атым енді кім?!
ӘКЕ деген үш әріптен таныдым,
ДАЛА деген төрт әріптің кендігін.

Жайсаң жанға шапағатын құйсын күн!
Құйсын күнім, махаббаттан күйсін мұң.
АРУ деген үш әріпті армандап,
СҰЛУ деген төрт әріпке сүйсіндім.

Ақ пен қара жолдарымның жолағы,
Жолағы да уақыттың қонағы.
ДОС деген сол үш-ақ әріп кей кезде,
ТУЫС деген төрт әріптен жоғары.

Тас төбемде жарқ еткенде жасын күн,
Жасын күнде жасағандай жасым мың.
ЖЫР деген сол үш әріпке ғашық боп,
АҚЫН деген төрт әріпке бас идім.

Тістенумен кейде көзге жас алып,
Жас алумен кете алмассың жасарып.
ЖЕР деген бір үш әріпте жүрміз-ау,
ӨЛЕҢ деген төрт әріптен өш алып.

Ғажап шақтың өтеріне ой салмай,
Ой сала алмай, тентектіктен тайсалмай.
АҒА деген үш әріпке жетіппіз,
АҚЫЛ деген төрт әріпті айта алмай…

ТЫҚ- ТЫҚ ТІРЛІК

Іздейтін кезде жаным махаббат,
Мұңлы ойдан кетем құтылып.
Жүйкемді жеді-ау қабырға сағат,
Тынымсыз осы тықылы.

Көшеге шықсам тым аппақ өңді,
Бір жан жүр билеп бөксесі.
Тықылы тағы құлаққа келді,
Тас жолға тиіп өкшесі.

Шегі жоқ ойлар шырмалып ақыр.
Кірсем де сонау жасыл бақ,
Тірлігі үшін тырбанып жатыр,
Теректі тесіп тоқылдақ.

Жанымды мұңнан аршып алып бір
Көктемнен келген жыр күттім.
Тықылдап жерге тамшы тамып тұр,
Тамырын соғып тірліктің.

Үтірсіз уақыт, үркемін анық,
Тық-тықтан мынау жалықтым.
Бөлмемде жатсам бүркеніп алып,
Сол үнмен кеудем қағып тұр…
Тық-тық.

ҚОС ӨЗЕНІМ

Сара тамыр сартылдап.
Күре тамыр күрілдеп.
Жүрек содан алқынбақ,
Жыр жазамын дірілдеп.

Тигр менен Ефрат,
Ортасында тарих нық.
Ал мендегі атырап,
Жүрек деген жарықтық.

Екі көзде кей күндер,
Тұнып жатты сан арман.
Сейхун менен Жейхуннен,
Арал –жүрек нәр алған.

Қос жанарда қалды мұң,
Далам – дидар, жуғанмын.
Тоқырауын, Талдының,
Ортасында туғанмын.

Керегі жоқ дәрігер,
Тамырымды бумашы.
Қос арнамда әлі де,
Толқын өлең туласын!
Жүрек мықты сол шебер,
Өлең маған бақ – ғұмыр.
Не болады солса егер,
Айдын-жүрек, аққу-жыр.

Сара тамыр сартылда.
Күре тамыр күрілде.
Ізім қалсын артымда,
Ғайып болған күнімде.

Артерия, вена деп,
Вирус біткен тұр әне.
Жаулаймын бәрі әлек,
Мәуреннаһр мына мен!

НҮКТЕ
«Бір нүктеден шықтың, сол нүктеге қайта ораласың.
Бумеранг – тірлік». Ғазиз Ештанаев.
Ғазиз аға!
Жөн айтады жолдасың.
Өмір – нүкте,өлім – нүкте ол да шын.
Сәлделі ойдан сәуле күтсе кешелер,
Көп кеудеге нүкте қойған қорғасын.

Күн – нүктеден көкжиекке таң атсын.
Шуақ – нұрын шартарапқа таратсын.
Бір ноқаттан мағынасы өзгерген,
Әліпбиін қарап тұрсаң арабтың.

Нүкте екен ғой жолда қалған ендігі із.
Сол іздерден тауып жүрміз жемді біз.
Жаным – ынтық, жауап таппай қиналғам,
Сүйдім екен сені неге меңді қыз.

Нұр – нысана ойға шабыт, құт берер.
Жалған өмір жанарыма шық келер.
Шайтан ада, өлмеу үшін үміт қой,
Өлеңімнің соңындағы нүктелер…
Бисмиллахи рахманир рахим.

КІНДІК
«Семей даласы Евразия құрлығындағы жер кіндігі екен».
Ұлы далам көшірмесі кеңдіктің.
Ұлы бабам Абай еді ең мықтың.
Жидебай да жер кіндігі құрлықтың,
Өлшеп, пішіп бойлық пенен ендікті.

Жұлдыздардың көшін көріп түндіктен,
Ұл-қыздарың өсіп-өніп кіндіктен.
Арқат ауыр дем алады сынақтан,
Жерге кіндік, елге сұмдық кім күткен?!

Торғай талып, мал мәңгіріп, бақа мас,
Улы жерге жанын күткен тақамас.
Шыңғыс шаршап, дел-сал болса Дегелең,
Бойын кеңге сала да алмас Бақанас.

Кімдерге жүк?!
Зағип болған шырақтардың обалы
Керең болған құлақтардың обалы
Шаба алмаған пырақтардың обалы
Шабылмаған құрақтардың обалы
Аға алмаған бұлақтардың обалы
Шындық неге сұм ақпар боп қалады
Кіндік деген – сынақтардың алаңы.

Ашық кіндік!
Нәпсіқұмар көз-күйік.
Шіріп жатыр күнәлі ой мен сөз тиіп.
Аман қалып қырық жылғы қырғыннан,
Тәубә дедік топалаңды тез тиіп.

Сұлулықтан басқа жолмен бағыңды аш!
Бойыңдағы шайтан оттың шамын бас.
Түндігіңді түтін бітсе жап қазақ!
Кіндігіңді көрсетпеші қарындас…

ШЫНЫ

Өлеңдерім өмірімнен нәр алған.
Денем менің топырақтан жаралған.
Ерте, кеш пе кететіні белгілі
Қара жерге сіңеді ертең бар арман.

Шыны әйнектен әлемге нұр тарайды.
Мөлдір қоршау сұлулыққа қолайлы.
Айналаға ойлана көз тастайсың,
Қимылыңды паш етуге жарайды.

Ол да құм ғой,
Күннің нұрын сүйеді.
Жарық түссе жылтырайды жиегі.
Мына өмірдің мұратына мұңайған,
Мүмкін ол да марқұмдардың сүйегі.

Ол да құм ғой,
Ғұмыр бітіп жер сүйді.
Жаны қайда, тәні мылқау мелшиді.
Жаңбырменен жағаласа жылайды
Іште жылу, сыртта суық тершиді.

Ол да құм ғой,
Жамандық пен жақсылық.
Ол жақта жоқ тағдырдағы тапшылық.
Қабырғада айнаға кеп тұр әне
Қабырғаңнан жаралған жан қас жұлып.

Амал-дәптер,
Оған қазір өлең тең.
Әйнек болып оралармын мен өлсем.
Ерте, кеш пе барамыз деп бәрібір,
Құлап жатыр менің көнбіс көлеңкем.
Менің компас көлеңкем.

 
Пікір қалдыру

Posted by on Сәуір 20, 2011 in Поэзиядан...

 

Кибер Чайхана


Кеше, яғни сәуірдің 20 күні пост советтік Орталық Азияның тарихы жайлы блогшылардың арасында жазылған Кристофер Шварцтың редакциясымен жарық көрген «Кибер Чайхана» атты кітабтың тұсаукесері Қарағанды қаласының Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында кесілді. Тұсаукесерге Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенттері қатысты.
«Кибер Чайхана» – Орталық Азияның виртуалды айтыстары жайлы, әлемнің түпкір-түпкіріндегі блогшылардың проблемалық тұрғыда көтерілген дискуссиялары, мәнді мағыналы пікірлері, сұхбаттары жарық көрді. Бұл блогсфераның оның ішінде қазақ блогшылардың көбеюіне өз үлесін қосады. Блогшылардың атасы Асхат Еркінбайға және шетелдік қонақтарға алғысымызды білдіреміз.

 
1 пікір

Posted by on Сәуір 20, 2011 in Фотокөрме

 

Үзілген үміт

Үзілген үміт
(Новелла)
Әпкеміздің аяқ-асты жүрек емдеу клиникасына түсті дегенді ести салысымен сол жаққа қарай аласұрып бет алдық. Өз аяғымен ем-дом алуға келген кісінің бірер сағаттан соң жансақтау бөліміне түседі деп кім ойлаған? “Жүрегіңде ақау бар, дереу операцияға аламыз”, – деген дәрігердің сөзі “үкім” сияқты естілді, бәлкім. Жиырма жылдан астам уақыт отасқан жары Төлегенге қалталы телефонынан қоңырау шалып қана үлгерді, ал әрі қарай…
Үш күн өтті. Read the rest of this entry »